«Тарихи қалпына келген Мақтаарал ауданын абаттандыруды қолға алғанымызға біршама уақыт болды. Міне, бүгін аудан көлемінде ағаш көшеттерін отырғызып, көгалдандыру жұмыстарын бастап кеттік. Қоршаған ортаға деген жанашырлық әр адамның жүрегінде болуы тиіс. Тап осындай бастамамен аудан орталығы Мырзакент кентіне кіреберістегі республикалық маңызы бар жолдың бойына 1700 ағаш көшетін отырғыздық. Сондай-ақ, мұндай көгалдандыру жұмыстары ауданымызға қарасты 2 кент пен 9 ауылдық округтің барлығында жүріп жатыр» - деді Бақыт Нәсірханұлы.
Жалпы көгалдандыру іс-шарасында кенттер мен аулыдық округ әкімдіктері өз аумақтарына қарасты үлкен тас жолдардың бойларына, ал мектептер мен мәдениет үйлерінің ұжымдары мекеме аулаларына ағаш түптерін отырғызды. Негізінен, қара тал, жиде, жабайы өрік, шырша көшеттері егілді.Аудан әкімі Б.Асанов кенттер мен ауылдық округтерді аралап көріп, көшеттердің дұрыс егілуін қадағалады. Сондай-ақ, тиісті мекеме басшыларына егілген ағаштардың жайқалып өсуі үшін қолайлы жағдай жасау керектігін айтты.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»