Осыған байланысты барлық аудан әкімдері белсенділік танытып, тұрғындармен әр үйді газға қосу жұмыстары бойынша ұйымдастыру-түсіндіру жұмыстарын барынша жүргізіп жатыр. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы қала, аудан әкімдерімен және «ҚазТрансГазАймақ» АҚ ӨФ-мен тізе қосып, Түркістан облысындағы газ жеткізуші және газ таратушы жүйелердің құрылысы жүргізілген елді мекендерді бюджет қаржысы есебінен газға қосу жұмыстарын атқару үстінде. Бұдан бөлек аталмыш басқарма тарапынан әр елді мекендегі тұтынушының газға қосылуына апта сайын мониторинг жүргізіліп келеді. Ал қалған елді мекендерді «көгілдір отынға» қосу Түркістан облысының кешенді даму іс-шара жоспарына сәйкес жүргізілетін болады.
«AQ-QARA.kz»-ақпарат.