Воскресенье, 23 Июнь 2019 12:15

Түркістан: Сарыағаш ауданында 10488 отбасыға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған

Сарыағаш ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының директоры Динара Динашева БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті. Брифинг барысында орталық директоры мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлемдері тоқтатылмағандығын және ауданның халықты жұмыспен қамту орталығында 2019 жылдың сәуір-маусым айларында өтініш берген 16171 отбасының учаскелік комиссия қорытындысымен 10488 мұқтаж отбасыға қаржы тағайындалғанын айтты.

Сондай-ақ, Динара Динашева оның ішінде шартты түріне 7253 отбасы, шартсыз түріне 3235 отбасы қатысқанын, шартты түріне қатысқан 7253 отбасыларға әлеуметтік келсім шарт, жеке жоспары түзіліп, отбасының еңбекке қабілетті жұмыссыз мүшелері жұмыспен қамту шарасына қатысқанын айтты.

Сонымен бірге, баспасөз жиынында атаулы әлеуметтік көмекке қандай отбасылар қатыса алатындығы, отбасының жиынтық табысына қандай табыстар есептелетіндігі, атаулы әлеуметтік көмектің шартты және шартсыз түрлеріне қандай отбасылар қатыса алатындығы және тағайындалған қаржының есетпеу тәсілі мен төлену тәртібінің мәселелері айтылды.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 620 times