Қала аумағын түні бойы Ұлттық ұланның 580 жауынгері мен345 полиция қызметкері күзетті. Олар қарақшылық фактінің алдын алып, 3 жергілікті тұрғынды ұстады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметтеріне сәйкес, зардап шеккендер саны 60 адамды құрады. Бұл көрсеткіш әлі де нақтылануда. Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін облыс әкімдігі жанындағы «Түркістан» әлеуметтік даму Корпоративтік қорының шоты ашылды.
Арыс қаласының тұрғындарына қаржылай көмек қолын созамын дейтін азаматтар үшін «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорында арнайы есеп-шот ашылды. Есеп-шот жариялана салысымен Арыс жұртшылығына қайырымдылық жасауды жөн көрген азаматтар бірден іске кірісті. Қазір арыстықтарға көмектескісі келетін кез келген азамат жоғарыдағы есеп-шотқа ақша аудара алады. Бүкіл ел бойынша Шымкент қаласында орталықтандырылған жинау және қайта бөлу үшін гуманитарлық көмек жинау жүріп жатыр. Арнайы пункт ашылды, мекен-жайы: Шымкент қаласы, Абай ауданы, Ынтымақ ш/а, құрылыс 592/3, блок №7.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»