«Қазіргі таңда «Еврофарма», «Зерде», «№5 аптека», «Экофарма», «Асылфарм», «Мұратфарм» мекемелері дәрі-дәрмектерін тегін беріп, қайырымды іс жасап отыр. Бұл негізінен алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған түрлі препараттар. Дәрілер Арыс қаласында орын алған жарылыстан зардап шекен азаматтарға емдеу жұмыстарын жүргізіп жатқан ауруханалар мен эвакуацияланған пунктерге жеткізілді», – деді Нұрбек Нышанов. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев игі іске мұрындық болған азаматтарға алғысын білдірді. Оның сөзінше, ауруханаларда жатқан аурулар 100 пайыз тегін дәрі-дәрмекпен қамтылған.
Айта кетейік, 70 адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылған. Оның 4-еуі ауыр халде жеткізілген. Барлық науқастың жағдайы бақылауға алынған. Шымкент қаласы мен Жамбыл облысынан қосымша медициналық жедел жәрдем жұмылдырылды. Одан бөлек, республикалық санитарлық авиациямен келген дәрігерлер қызмет көрсетуде.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»