Республиканың өзге облыстары мен Алматы, Шымкент қалаларынан бірқатар жүк көліктері келіп жатыр.Осы орайда әлеуметтік көмек көрсету мақсатында Арыс қаласы 17 секторға бөлінді. Осы 17 секторда тұрғындарға гуманитарлық көмек көрсететін 17 бөлімше ашылғанын да айта кеткен жөн.Қазіргі таңда аталған нысандар азық-түлік тарату жұмыстарын бастап кетті.
Сондай-ақ, Арыстағы төтенше жағдайға байланысты Түркістан облысы әкімдігі тарапынан «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қоры құрылған болатын. Осы қорға жұртшылық республикамыздың түкпір-түкпірінен қаржы аударып, үлес қосып жатыр. Бүгінгі, яғни, 28 маусымдағы мәлімет бойынша қорға түскен қаржы көлемі 1 млрд. теңгеден асты. Бұл қарды арыстықтардың мұқтаждығына жұмсалады.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»