Күні кеше Қарағанды, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе, БҚО, СҚО, Павлодар, Қостанай, Алматы облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларынан Арысқа жіберілген 150 тонна заттың 80 тоннадан астамы тұрғындарға таратылды. Нұр-Сұлтан қаласы мен өзге де аймақтардан азық-түлік тиелген жүк көліктері Арысты бетке алды.
Арыстағы төтенше жағдайға байланысты «Түркістан»корпоративтік әлеуметтік даму қорына түскен қаржы көлемі 1 млрд. теңгеден асты. Қор әлі де шотта жинақталып, арнайы комиссия арқылы тұрғындарға берілетін болады. Тағы бір айта кетерлігі, қаладағы барлық үйге суық су келді. Алайда бүгін орталық магистральда шыққан ақаудан 1500-дей абонент сусыз қалды. Жөндеу жұмыстары барысында су жеткізу желісін үзген снаряд табылды. Қазіргі таңда ақау қалпына келтіріліп, жөндеу жұмыстары аяқталған соң тұрғындарға су тұрақты берілуде.Жалпы Арыста 10600 абонент болса, су тарату 2,5 есеге ұлғайған.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»