Қираған қалдықтарды шығару жұмыстарына аудан еріктілері мен, азаматтары белсене жұмыс істеп, қазірге дейін 15 көшеден 171 тонна қоқыс шығарылды. Тазалау жұмыстарына 1 амкодор, 1 Howo камазы теxникасы мен 21 адам жұмылдырылды. Қоқыс шығарып, тазалау жұмыстары әлі де жалғасын табатын болады. Тұрғындардың және үй құжатын қабылдау жұмыстарына ауданнан 15 адам білек сыбана жұмыс істеуде. Қазіргі таңда 270 отбасы, 1504 отбасы мүшелерінің құжаттары қабылданды. Штаб мүшелері - тұрғындардың құжаттарын талдау, толықтыру жұмыстарын жүргізуде. 6 секторға қарасты 124 үйдің жөндеу жұмыстары басталып, оның ішінде 22 үйдің құрылысы аяқталды. Үйі тұруға жарамсыз отбасыға жаңа үй сатып алынып, жарамсыз үйі толық бұзылып тазаланды.
Жалпы, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Арыс қаласының тұрғындарына 100 мың теңге көлемінде бір реттік өтемақы беру мәселесі қатаң бақылауда. Осы тапсырмаға сәйкес бірінші кезекте 55 602 тұрғынға (Арыс қаласы – 44 994 адам, Ақдала ауыл округі – 4 324 адам, Қожатоғай ауыл округі – 4 232 адам, Дермене ауыл округі – 2 052 адам) 100 мың теңгеден жалпы 5,6 млрд.теңге көлемінде өтемақы төлеу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, жаз айларында Арыстық 4010 баланы еліміздің өзге облыстарындағы жазғы лагерьге жіберу жоспарланған.
Олардың алды Нұр-Сұлтан, Алматы, Тараз қаласымен Ақмола, Павлодар, Батыс Қазақстан сынды облыстарда тынығуда. Сонымен қатар, Арыстық 800 ардагер «Мейір» және «Ардагерлер» үйінде демалады. Төтенше оқиғадан соң, ауруханаға түскен 65 азамат емделіп, үйіне оралды. 3 азамат ем дом қабылдап жатыр, олардың жағдайы қалыпты дәрежеде. Күнделікті атқарылған жұмыстардың ашықтығын қамтамасыз ету үшін, жауапты тұлғалармен брифинг ұйымдастырылаған. Онда, Арыс қаласындағы атқарылған жұмыстар, алдағы жоспарлар БАҚ арқылы айтылып, халыққа таратылады.