Вторник, 02 Июль 2019 07:50

Түркістан облысы: Арыста жергілікті белсенді тұрғындар да жұмысқа араласты

Бүгін Түркістан облысында күннің ыстығы 40 градустан асты. Осыған қарамай Арыс қаласында 17 секторға бөлінген аумақтарда қызу жұмыс жүріп жатыр. Облыс әкімінің тапсырмасымен штабтың жұмысына кіріскен өңір басшысының кеңесшісі Ұласбек Сәдібеков бүгін секторларды аралап, азаматтармен ақылдасты. Алдағы жұмыстарды жүйеледі. 

Қазір әрбір облыс пен аудандар бекітілген штабтарда 2 бағытта жұмыс істеліп жатыр. Біріншіден, зардап шеккен үйлерді бағалау, есептеу қолға алынды. Соған сай жөнделетін болады. Екіншіден, тұрғындар арасынан әрбір 10 үйге 1 белсенді жетекші сайланып, елмен тығыз қарым-қатынас орнады. Бұл қадам елдің осындай жағдайда өзін-өзі басқаруына мүмкіндік беріп,ашықтықты қамтамасыз етеді.

Мәселен, Келес ауданы жауапты №12 секторға 624 отбасы енсе, солардың арасынан 62 жетекші өкіл белгіленді. Азық-түлік тарату, үйлерге бағалау жүргізу осы жетекшілерді қатыстыра отырып іске асады. Жалпы, Арыс бойынша 700-дей белсенді өкіл белгіленіп, жауапкершілікті арқалап, штабтармен бірлескен әрекетке көшеді.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Read 692 times