Бүгінде 22 үйдің жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, 253 үй жөндеуді, 1 үй қайта салуды қажет етеді. Сондай-ақ 5 дүкен, 1 мейрамхана, 2 жеке меншік балабақша, 1 жанар-жағармай құю бекеті сынды кәсіпкерлік нысандармен 1 өнер мектебі, төтенше жағдайлар бөлімі, табиғатты қорғау мекемесінің ғимаратына қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.
Созақ ауданы бойынша №6 секторға жауаптыаудан әкімінің орынбасары Бекзат Әлмағанбет: «Бүгінде 6-секторға жауапты Қызылорда облысымен Созақ ауданынан 141 адам келіп, жөндеу жұмыстарына кірісіп кетті. Созақ ауданынан 71 адам қызмет көрсетіп жүр. Олардың құрамында «Nur Otan» партиясының қызметкерлері, мекеме, бөлім қызметкерлері, еріктілер бар. Жұмыс жіті ұйымдастырылған. Белгіленген мерзімде жұмысты бітіруді жоспарлап отырмыз,- дейді.
«AQ-QARA.kz»-ақпарат.