Мысалы, бүгін 8-секторға жауапты Мақтаарал ауданы әр 10 үйге жауапты 10 азаматты шақырып, әрбір тұрғынға берілетін 100 мың теңге және материалдық шығындарды төлеу тәртібін түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бекітілген аудан тарапынан барлық көшелерде белсенділер түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазіргі таңда штабта 54 белсенді жұмыс атқаруда.
Жалпы, ШҚО жөндеу жұмыстарын жүргізетін №8 секторда 541 үй болса, соның ішінде 521 үй зақымданған, 6 үй толықтай қайта салынатын болады.
Айта кетейік, әрбір облыс пен аудандар бекітілген штабтарда 2 бағытта іске кірісті. Біріншіден, зардап шеккен үйлерді бағалау, есептеу қолға алынды. Соған сай жөнделетін болады. Екіншіден, тұрғындар арасынан әрбір 10 үйге 1 белсенді жетекші сайлап, елмен тығыз қарым-қатынас жасалынып жатыр. Бұл xалықтың осындай жағдайда өзін-өзі басқаруына және жеткізілген көмектін ашық әрі әділ бөлінуіне мүмкіндік береді.
«AQ-QARA.kz»-ақпарат.