Пятница, 12 Июль 2019 13:03

Түркістан облысы: келестік шаруалар Арыста өткен жәрмеңкеде белсенділік танытты

Бүгін Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ұйымдастыруымен Арыс қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Бұл жәрмеңкеге Келес ауданының шаруалары да белсенді атсалысып 7,5 тонна өнім ұсынған.

Атап айтар болсақ, тұрғындар күнделікті тұрмыста қолданатын қырыққабат, қияр, қызанақ, балғар қалампыры, жуа сынды көптеген өнімдерді арыс қаласының тұрғындары таласа алып, келестік шаруларға алғысын білдіріп жатты. Ауыл шаруашылығы өнімдері Арыс қаласының тұрғындарына базар нарқынан 30%-ға төмен бағада сатылымға түскенін айта кеткен жөн. Арзан бағамен сатылып жатқан өнімдер арыстықтарға елеулі көмек болып тұр.

Өз кезегінде Арыс қаласының тұрғындары облыстың әр аудандарынан келген шаруаларға ризашылықтарын білдіріп жатты. Келестік шаруалардың сапалы өнімдеріне Арыс қаласының тұрғындарының сұранысы жоғары. Өйткені, сатып алушылардың қарасы көп болып, аз уақыт ішінде өнімдердің басым бөлігі сатылып кетті.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

 

Read 503 times