Биыл Қазығұрттағы 3 ауыл құбырдан аққан таза ауыз суға қол жеткізеді. Шарапхана, Қарабау, Жұмысшы ауылдарындағы құрылыс жұмыстары толық аяқталғаннан кейін, аудан бойынша 64 елді мекендегі 101 мың тұрғын орталықтандырылған ауыз су жүйелерімен қамтамасыз етіледі. Құрылыс жұмыстары басталғалы ауданның 30-ға жуық азаматы тұрақты жұмыспен қамтылды.
Жұмысшы ауылындағы ауыз су құбырының құрылыс жұмыстарына мемлекеттен 127 млн теңге бөлінген. Жерасты суын тартатын ұңғыма қазылып, ауыл көшелеріне құбыр тартылды. Бұл істі «Ақ жол ЛТД» ЖШС қолға алған. Бүгінгі таңда жұмыстар аяқталуға жақын.
Қазіргі таңда жұмыс аяқталуға жақын. Тағы екі аптаның ішінде жұмыс бітіп, ауылға су береміз. Ал, пробалық суды беріп жатырмыз шетінен. Айдың соңына таман ауыл 100% ауыз сумен қамтылады– дейді «Ақ жол ЛТД» ЖШС учаске басшысы Мұхамеджан Отарбаев. Өткен жылы аудандағы 11 елдімекенге ауыз су берілді. 2019-2024 жылдар аралығында аудан халқының 99,8 пайызы таза ауыз сумен қамтылады деген жоспар бар.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»