Түркістан облысы, Шардара қаласының Жаңа қоғамдық орталығында канализация жүйелері мен канализациялық сорғы стансасының құрылысы 2018-жылы басталып, бүгінде қуаттылығы сағатына 29 текше метрді құрайтын кәріз-сорғы стансасы, 4,99 шақырымдық кәріз құбыры мен арнайы трансформатор орнатылған. Сонымен қатар, КОС жайын жобалық қуатында пайдалану мақсатында Шардара қаласы бойынша енбей қалған Абай, Майқала, Қызылжар, Ақбала шағын аудандарын кәріз жүйелерімен қамту үшін аудандық бюджеттен жоба әзірленіп, жер телімдеріне мемлекеттік актісі алынып, топотүсірілімі түсірілген.
Айта кетейік, Шардара қаласының негізгі канализациялық имараттарының құрылысы және канализация жүйелерін қайта құру жұмыстары 2012-2013 жылдары жүргізіліп, қала тұрғындарының 27 пайызы сарқынды су желісімен қамтылған. Канализациялық сорғы стансалары компьютерлік басқарумен қамтылып, канализациялық тазарту жайы биологиялық тазартуға негізделген.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»