Бүгінде көпбалалы ана мемлекет тарапынан төленген жәрдемақыға құжаттарын тапсырып, қомақты қаржы алып, өзінің арманын жүзеге асырып жатыр. «Мемлекет тарапынан көпбалалы аналарға атаулы әлеуметтік көмек беріледі дегенді естіп қуана-қуана жұмыспен қамту орталығына құжаттарымды өткізіп, бүгінгі таңда тағайындалған 621 мың теңгенің 380 мыңын қолға алдым. Алған қаржыға көптен бері армандап жүрген кәсібімді іске асырдым десем де болады. Яғни, шаштараз ретінде аудан орталығында орналасқан әсемдік салонынан бір орын жалға алдым. Қажетті құрал саймандарымды да толықтырдым. Қазіргі таңда сол жерде сүйікті кәсібіммен шұғылданып, табыс табудамын», - дейді Райхан Жанұзақова.
«Армансыз адам – қанатсыз құспен тең» демекші, Райхан Жанұзақова келешекте мемлекет тарапынан көрсетілген үлкен қолдауды пайдалана отырып жинақтаған тәжірибесінің арқасында өз сұлулық салонын ашуды да жоспарлап отыр екен.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»