Четверг, 01 Август 2019 16:18

Түркістанда заңсыз жарнамаларға қарсы рейд жүргізілді

Енді Түркістандағы сауда орындарының сыртында заңсыз жарнамалар ілінбеуі керек. Себебі, қасиетті шаһар облыс орталығына лайық көркі көз тартар қалаға айналуы тиіс. Осыған орай, қала әкімінің өкімімен жауапты сала мамандарының қатысуымен сауда орындарында рейд жүргізілді.

Бүгінде Түркістанда сүйкімсіз, тозығы жеткен заңсыз жарнамалар талайдан бері ілініп тұр. Сауда орнының басшылығы қасиетті шаһардың облыс орталығы болғанын ескермесе керек, жарнаманы жарқыратып іліп қоған. Жауапты сала мамандары кәсіпкерлерге ескерту жасап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Сыртқы жарнаманы ілудің де өз реті бар. Салық кодексіндегі 604 бабында көрсетілгендей, сыртқы жарнаманы орналастыратын тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады. Кәсіпкерлер негізсіз жарнамамен қоса сауда нүктелерінің айналасын күл-қоқысқа толтырған.

«Қаламызда көптеген кәсіпкерлер өзінің күл қоқыстарын көшеге тастай береді. Біз қанша айтсақ та ол болмай жатыр. Арасында арнайы келісім шарқа отырған кәсіпкерлер де бар. Қоқысын кестеменен көлікке артып жатады. Қаламыз әлі таза қалаға айнала алмай жатыр. Әр кәсіпкер өз айналасын тазалап отыру керек. Міне біз соны ұйымдастырып жатырмыз» - дейді   Түркістан қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Гүлжамал Даханова.

Түсіндірме жұмыстарын жүргізу барысында кәсіпкерлер 2-3 күн ішінде жарнамаларын алып, тазалау жұмыстарын жүргізулері керектігі айтылды. Егер заң талаптарын орындамаған жағдайда «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 463-1 бабына сәйкес, 30-дан 50 айлық көрсеткішке дейін айыппұл төлейтін болады.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 644 times