Аталған іс-шараға Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары К.Айтмұхаметов, қала әкімі М.Қадырбек, облыстық салалық кәсіподақтардың өкілдері мен ардагерлері, қаламыздың зиялы қауым өкілдері қатысты. Сонымен қатар қала әкімдігінің мәжіліс залында тұрғындардың шипажайларда демалып, олардың денсаулығын сауықтыру мақсатында қаланың бір топ ардагерлеріне шипажайға жолдамалар табыстады. Сондай-ақ барша мұсылман қауымының ұлық мерекесі қасиетті Құрбан айт мерекесінің құрметіне орай арнайы Кәсіподақтар атынан қала тұрғындарына ас беріп, құран бағыштады.
Сапар соңында шаһар басшысы Мұрат Болатұлы Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Б.Әбдірайымға «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп дана қазақ халқы өсиет еткен өнегелі сөзді жүрегіне жақын тұтып, қиыншылыққа тап болған Арыс халқына көмек ретінде жасап жатқан игі істеріне алғыс білдірді.
«AQ-QARA.kz»-ақпарат.