Четверг, 08 Август 2019 14:22

Түркістан облысы: жетісайлықтар Арысты қалпына келтіру үшін аянбай еңбек етіп жатыр

Арыстағы бірінші сектор Атырау облысы мен Жетісай ауданына берілген аймақ. Онда барлығы 482 үй бар. Ал 50 үйдің құрылысы қайта салынуда. Қазіргі таңда құрылыстар қарқын алып, тұрғындар қоныс тойларын тойлайтын күн де жақын. Ал, одан бөлек арнайы штаб қызметкерлері де өз міндеттеріне сай жұмыстар атқаруда.

Бірінші сектор Арыстағы жарылыс орын алған аумаққа жақын орналасқан. Сол себепті, мұндағы үйлердің басым бөлігі жөндеу жұмыстарын қажет етеді. «Жалпылама 482 үйдің 270-нің құжаты қабылданды. Осы жерде есік, терезесі сынған, шатыры кеткен. Осы үйлер бойынша жұмыстар атқарылуда» - дейді Жетісай аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Дәулет Мырзаханов. Жетісайлық дәрігерлер де Арыс қаласының тұрғындарына көмек қолын созуда. Фельдшер, медбрат пен жалпы учаскелік дәрігерден құралған 3 адам әр апта сайын ауысыммен жұмыс істеуде.

Құрылыс жұмыстарымен қатар тазалық мәселесі де ұмыт қалмаған. Ол үшін техникалар күндіз-түні жұмыс істеуде. Бұл мақсатқа 20-ға жуық жұмысшы тартылған. Бұл жұмыстар жөнінде Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Асан Махамбетов: «негізі құрылыс компаниясы өздерінен шыққан қоқыстарды шығарады. Одан қалғанын біздің аудан. 2 погрущик, 5 таситын көліктер 2 камаз, 2 хова жұмыс істеп жатыр» - дейді.Ал, 1-ші сектордағы тұрғындар Атырау облысы мен Жетісайлық ағайынға алғысын айтуда. Олардың көпшілігі бұйыртса жаңа ғимаратқа қоныстанатын болдық деп қуанып отыр.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 425 times