Пятница, 09 Август 2019 16:07

Түркістан: Әдеп жөніндегі кеңес мүшесі өңір тұрғындарын қабылдап, мәселелерімен танысты

Бүгінде облыс тұрғындарын заңсыз жер берілуі, қараусыз қалған ауыл ахуалы мен жауапсыз қалған арыз-шағымдар мәселесі мазалайтын көрінеді. Осындай мәселелермен танысу үшін Түркістан  облыстық Әдеп жөніндегі Кеңес мүшесі, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Түркістан облысы бойынша тілшісі  Ғалымжан Елшібаев өңір тұрғындары арасында жеке қабылдау өткізді.

Онда он адамның өтініш-талаптары қаралып, тұрғындар тарапынан қойылған бірқатар сұрақтарға  нақты жауаптар берілді. Ғалымжан Елшібаев тұрғындардың талап-тілектеріне терең үңіліп, аталған өтініштерді заңнама аясында шешу жолдарын түсіндіріп өтті. Сондай-ақ, алдағы уақытта  Ескі Иқан ауылына журналистік зерттеу жүргізетіндігіне және көтерілген мәселелер бойынша оң шешім табатындығына  уәде етті.

«Жеке қабылдауға жазылған азаматтар жұмыстан себепсіз босатылу мен заңсыз жер берілу мәселелері, сондай-ақ қараусыз қалған ауыл  ахуалы мен жауапсыз қалған арыз-шағымдар  бойынша өз өтініштерін  білдірді. Алдағы уақытта бұл мәселелердің шешу жолында жұмыстар жүргізіледі» - деді Түркістан  облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің мүшесі Ғалымжан Елшібаев.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 573 times