Пятница, 09 Август 2019 16:31

Түркістан облысы: Арыс қаласындағы 15-ші секторда жұмыс қызып тұр

Арыс - алып құрылыс алаңына айналды. 15-ші секторға бекітілген Алматы облысы мен Бәйдібек ауданының аумағында 812 үй бар. Оның 90 пайызы жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Бір үй өртеніп, тағы біреуі апатты деп танылған. Бүгінде сол үйлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде .

15-ші сектор. Таңғы 9-дан жұмысын бастайтын штабқа келушілердің қатары көп. Себебі мұнда, Алматы облысы мен Бәйдібек ауданы әкімдігінің қызметкерлері, құрылыс компаниясының өкілдері бар. Баспананы бастапқы қалпына келтіруде тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары осында қаралады. Момынов көшесінің 4   тұрғыны өз өтініштерімен келген. Мамандар барлық жағдаймен танысып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Құрылыс жұмыстары қызған аумақта тазалық мәселесі де ұмыт қалмаған. Ол үшін Бәйдібек ауданының жауапты мекемелері бекітіліпті. Олар өздеріне тиесілі  28 көшенің санитарлық ахуалына жауапты.Аталмыш секторда бір реттік төленетін өтемақыға қабылданған құжаттар саны 1246-ға жеткен, бұл көрсеткіш 5505 адамды құрайды. 100 мың  теңгелік өтемақы 12 тамыздан бастап берелетін болады.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 638 times