Акция аясында Арыс қаласындағы білім ошақтарындағы көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыдан шыққан 120 балаға мектепке қажетті оқу құралдары мен киім-кешектер үлестірілді. Акцияға Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Ұласбек Сәдібеков, облыстық мәслихат депутаты, Түркістан облыстық «Азаматтық альянс» қауымдастығының төрағасы Шәріпбек Жамалбекұлы, Шымкент қалалық «Азаматтық альянс» қауымдастығының төрағасы Жұмағали Білісбеков, Бәйдібек ауданының әкімі Бақытбек Танагөзов, қалалық мәслихат хатшысы А.Байтанаев, қала әкімінің орынбасары Р.Айтбаев, қалалық кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы Ж.Сәрсенбековтер қатысып, бір кісідей атсалысты. Мұндай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
«AQ-QARA.kz»-ақпарат.