Среда, 16 Октябрь 2019 09:27

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ербол Садыр жәрдемақының кімдерге берілетінін айтып берді

2020 жылдан бастап көпбалалы отбасылардың барлығына табысына қарамастан жәрдемақы беріледі. Атап айтсақ, мемлекет тарапынан балаларға және көпбалалы отбасыларға көмектесу мақсатында кешенді шаралар мен бағыттар қабылдаған.

Сол бағыттардың бірі - көпбалалы отбасылардың барлығына кепілдендірілген жәрдемақы тағайындау болып отыр. Бұл туралы АӘК тағайындаудың жаңа тәртібі жөнінде Шымкент қаласында өткізілген баспасөз брифингінде қала әкімінің орынбасары Садыр Ербол Әбілхайырұлы айтып берді. «Осы бағдарламаның аясында алдағы уақытта көпбалалы отбасылар үшін республикалық бюджет есебінен мемлекеттік жәрдемақы енгізіледі. Бұл жәрдемақыны төлеу отбасының табысына тәуелді болмайды және 4 және одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар отбасыларға төленеді. Төлемнің мөлшері бала санына байланысты орта есеппен әр балаға 10-11 мың теңгені құрайды. Сондай-ақ, бұл көмек тағайындалғаннан кейін, ай сайын төленеді», - деді Ербол Әбілхайырұлы.

Көп балалы отбасылардың мәртебесін көтеру мақсатында қабылданған бұл шара қосымша қолдау ретінде тағайындалған. Айта кетейік, бұл жүйе Парламентте қаралып, заңға өзгерістер енгізіліп болғасын, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылатын болады.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 370 times