Әкім орынбасарының айтуынша, бұл бағдарлама аясында: Мектеп жасына дейінгі балаларға: балаларға арналған тамақ, гигиеналық құралдар және білім беру қызметтерімен қамтамасыз ету үшін әр балаға 5302 теңгеден; Мектеп жасындағы балаларға: мектепте ыстық тамақ, оқу құралдары мен киім-кешектері, жол ақысын өтеу үшін әр балаға 25 000 теңгеден төленеді. Дегенмен, бұл көмек қанша уақыт сайын төленетіні әлі нақты бекітілмеген.
Сонымен қатар, күнкөріс деңгейі төмен отбасы балаларына арналған пакет құрамына медициналық көмек кірмейді екен. «Біз кепілдендірілген пакетте медициналық көмек, оның ішінде стоматологиялық көмек көрсетуді тағайындамаймыз. Өйткені 1 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға медициналық көмектің және жалпы медициналық сақтандырудың кепілдендірілген көлемі бойынша барлық балаларға , олардың отбасының табысы аз немесе көп екеніне қарамастан беріледі», - деді Ербол Әбілхайырұлы өз сөзінде. Айта кетсек, осының алдында көп балалы отбасылардың барлығына табысына қарамастан жәрдемақы тағайындалатынын хабарлаған едік. Сол секілді бұл бағдарлама да көп балалы және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетуді жақсарту мақсатында іске қосылғалы отыр.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»