Оның айтуынша, бұл акция ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасымен қолға алынған және еліміздің барлық өңірлері белсене атсалысуда. «Бүгін өзім бастап, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірге #Пара берме челленджін бастадым. Бұл акцияның мақсаты мемлекет пен қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі күш-жігерін біріктіру. Біз БАҚ өкілдерін, сонымен қатар қала тұрғындарын осы акцияға белсенді қатысуға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлесе күресуге шақырамыз», - деді А.Жұмағали.
Айта кету керек, челлендж аясында кез келген азамат әлеуметтік желілер арқылы пара берудің қандай жауапкершілік жүктейтінін жеткізе алады. Осылайша, осынау қауіпті қоғам дертімен күрес жұмыстарына өз үлестерін қосуға мүмкіндік ала алады.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»