Ол алты баланың әкесі. Отбасында еңбекке жарамды бір өзі болғандықтан, шартты ақшалай көмек алу үшін Шымкент қаласы әкімдігінің Халықты Жұмыспен Қамту Орталығына құжат өткізген. Нәтижесінде оның мұқтаж екендігі анықталып, тиісті қаражат тағайындалып, төленіпті.
Мемлекеттің көмек ретінде берген қаражатын мақсатты жұмсап, омарташылықпен айналысуға бел буған. «Көзін тапсаң, омарташылықтан түсетін пайда аз емес. Бал сатудан түсетін ақша отбасын асырауға әбден жетеді» дейді Фахриддин Алмаходжаев. Қазір оның кәсібі жолға түсе бастаған. Фахриддин Алмаходжаев мұнымен тоқтап қалмақ емес. Ол кәсібін кеңейтуді жоспарлап отыр.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»