Понедельник, 14 Октябрь 2019 11:22

Шымкентте жыл басынан 2000 мыңнан астам зейнетақы өтініші рәсімделді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Шымкент қаласы бойынша филиалының ұсынған мәліметіне сүйнесек, бүгінгі таңда Шымкент қаласы бойынша 79726 зейнеткер бар. Шымкентте жыл басынан бері 2 мыңнан аса азаматқа базалық зейнетақы тағайындалды, жасына байланысты зейнетақы төлемдері 2104 азаматқа рәсімделген

Аймақтық бөліністе қарайтын болсақ, базалық зейнетақы ең көп Алматы облысында тағайындалған – 5954, ал ең аз өңір – Шымкент қаласында, мұнда небары 2320 азамат биыл базалық зейнетақы ала бастаған. «Біздің корпорациямыз зейнеткерлікке шығу рәсімін барынша жеңілдетуге тырысып жатыр. Бір жыл бұрын зейнеткерлікке бір өтінішпен шығуға мүмкіндік беретін композит қызметін енгізілген болатын. Албиыл ХҚКО-ға бармай-ақ, SMS-хабарлама арқылы зейнеткерлікті рәсімдеуге мүмкіндік беретін проактив қызметін іске қосылған болатын. Цифрлық жаңашылдықтар құрметті демалысқа артық қағазбастылықсыз шығуға жол ашады», – дейді филиал директоры Данабек Исабеков.

Айта кетейік, зейнеткерлік жасқа жетуіне, базалық зейнетақының төленуі мен мемлекеттік кепіл төлем жасау туралы, сондай-ақ БЖЗҚ-ға төлемдерді төлеу сияқты төрт өтініштің орнына бір ғана өтініш өткізуге мүмкіндік беретін композит қызметі 2018 жылдың қазан айында енгізілді. Зейнет жасына толғанға дейін 10 күн бұрын болашақ зейнеткерге қызметті проактивті түрде рәсімдеуге ұсыныс білдіретін SMS-хабарлама жолданатын қызмет 2019 жылдың тамызында енгізілді. Әзірге бұл қызметті мемлекеттік корпорациядан зейнеткерлікке шығатын жұмыскерлер пайдалана алады.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 318 times