«Шымкент – мегаполис қала. Демек, біз мегаполиске лайықты жұмыс істеуіміз қажет. Иә, қала орталықтары әсем де көрікті болуы керек. Бірақ, ол шалғай жатқан аудандарды ұмытып кетуіміз керек деген сөз емес. Яғни, қаламыздың шалғайда жатқан аудандарына аса көңіл аудару басты міндеттеріміздің бірі деп есептеймін» деді шаһар басшысы. Кездесу барысында Ерлан Қуанышұлы тұрғындардың ең бірінші сұрап отырған ауыз су, электр жарығы және жол мәселесін келер жылдың бюджетіне толықтай енгізіп, өз шешімін табатындығын жеткізді.
«Біз ең бірінші қажет отырған мәселелерді шешумен айналысатын боламыз. Қалған инфрақұрылымдар өз ретімен шешілетін болады. Халықтың әл-ауқаты мен тұрмысын көтеру - басты мақсатымыз. Сол себептен де күн-түн демей еңбек етудеміз. Жұмыс жүйелі істелінуі қажет. Сонда ғана нәтижеге жетеміз» деді Е.Айтаханов.Аралауды қорытындылай келе қала әкімі жауапты сала басшыларына жұмысты жандандырып, бұл мәселелер өзінің тікелей бақылауында тұрғандығын қадап айтты.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»