44 млн теңге көлеміндегі дəрілік заттарды жеткізуге «СҚ-Фармация» ЖШС-і жауапты. Ғ.Əбішевтің айтуынша, қалалық онкологиялық орталыққа қажетті дəрілік заттар мен медициналық бұйымдар қыркүйек айында болған. «Алайда, онкологиялық науқастардың анықталуына байланысты медициналық-дəрілік заттар игерілді де, 25 қыркүйекте дистрибьюторға жеткізу туралы ұсыныс берілген. Жеткізіп беруші дистрибьютор тарапынан кешіктірілген «Летрозол», «Бикалутамид», «Капецитабин», «Калоприемник», «Темо», «Герцептин» сынды 10 препаратқа 11 науқас мұқтаж еді. Қазір ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен қатерлі ісіктерді диагностикалау жəне емдеу хаттамалары шеңберінде дəрілік заттар қолданыстағы бірдей баламасына ауыстырылды», - деді Ғалымжан Мотайұлы.
Ғ.Əбішев өз сөзінде Шымкент қалалық онкологиялық орталығына дəрілік заттарды жеткізіп беруді 15 күннен кешіктірген жағдайда «СҚ-Фармация» ЖШС-імен келісім-шарт бұзылуы мүмкін екенін айтты. Тіпті заң шеңберінде жауапқа да тартуға болады. Дегенмен, сала мамандары əзірге науқастарға кешіктірілген медициналық-дəрілік заттардың зардабы тимеді деп сендірді.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»