Четверг, 17 Октябрь 2019 13:25

Шымкенттік жастарға баспана беру тәртібі жарияланды

Жастарға берілетін жалдамалы пәтерлерді алу үшін қандай құжаттар тапсыру керектігі жөніндегісауалдарға Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Жандос Қалтаев  «Ақпараттық — коммуникациялық орталығында» өткен баспасөз брифингінде жауап берді.

Еске сала кетсек, былтыр Жастар жылының ашылуына арналған салтанатты жиында ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жастар үшін жылына 1 мың пәтер салынатынын мәлім еткен болатын. Ол пәтерлерге жастар айына 10-12 мың теңге төлеп тұра алады. Брифингте белгілі болғандай, қазіргі таңда жастардың баспаналы болуы үшін заңдарға қосымша ұсыныстар ұсынылуда. – Жастардың тұрғын үймен қамтылуында 101 мың теңгелік жалақысының болуы керектігі көрсетілген. Алайда, Шымкент қаласында орташа айлық жалақының төмен болуына байланысты аталған шартқа өзгерту енгізу үшін ұсыныстар берілуде, — деді басқарма басшысы.

Конкурсқа кімдер қатыса алады? Біріншіден — үміткер 29 жасқа толмаған, жұмыс істейтін ҚР азаматы болуы керек. Сондай-ақ, жалпы орта білім беретін мектептердің, техникалық және кәсіптік ұйымдардың, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген болуы керек. Шымкент қаласында 2 жылдан кем емес тұрғылықты жерінде тіркеуде болуы қажет. Тұрғын үйге үміттенетін жастар ең әуелі неге назар аударуы керек? Өтініштерді қабылдағанда кімдерге басымдылық беріледі? Бағдарламаның балл жүйесі қалай жұмыс істейді? Ал енді көпті толғандыратын сұрақтарға нақты жауап: Өтініштер бойынша ең көп балл жинағандар жеңімпаз бола алады. Айта кетсек, жастарға берілетін арзан пәтерлер туралы толық мәліметті Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасынан алуға болады.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 341 times