Вторник, 15 Октябрь 2019 07:12

Шымкент: «Өңіраралық бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өтіп жатыр

Шымкент қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы және 4 аудан әкімдігімен бірлесе «Өңіраралық бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өткізіп жатыр. Жәрмеңкеде қала аумағында орналасқан кәсіпорындар тарапынан мекемелердегі бос жұмыс орындары, солтүстік өңірлердегі жұмыс берушілер тарапынан бос жұмыс орындары ұсынылып, қоныс аударуға ниет білдірген азаматтардан өтініштер және «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы» аясында құжаттар қабылданады. 

Жәрмеңкенің ұйымдастырылып жатқан орындары төмендегіше:

1) 2019 жылдың 14 қазанында Қаратау ауданы бойынша Қайнарбұлақ саяжайында орналасқан №83 жалпы орта мектебінде, сағат: 10:00-де. Байланыс нөмірі: 8 (702) 793 99 71;

2) 2019 жылдың 15 қазанында Абай ауданы бойынша Қазығұрт шағынауданында орналасқан №66 жалпы орта мектебінде, сағат: 10:00-де, Байланыс нөмірі: 8 (777) 590 07 89;

3) 2019 жылдың 16 қазанында Әл-Фараби ауданы бойынша Сәуле шағынауданында орналасқан №129 жалпы орта мектебінде, сағат: 10:00-де, Байланыс нөмірі: 8 (707) 147 20 87;

4) 2019 жылдың 17 қазанында Еңбекші ауданы бойынша Қапал батыр көшесі, №84 «а» үйде орналасқан Жұлдыз аумағы бойынша халықпен жұмыс жүргізу бөлімінің ғимаратында, сағат: 10:00-де. Байланыс нөмірі: 8 (747) 972 68 99.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 626 times