«Бақыт» тұрғын үй кешенін 2020 жылдың жаз маусымында қолданысқа беру жоспарлануда. «Өз үйім» бағдарламасының біршама артықшылығы бар. Біріншіден, үйлердің бағасы нарықтағыдан төмен. Екіншіден, бағдарламаға облыстың барлық тұрғындары қатыса алады. Меншікте тұрғын үйдің болуына қатысты шектеулер жоқ. Бағдарламаның үшінші артықшылығы – жылдық мөлшерлеме 3,5%-ға дейін төмендетіледі. Мысалы, 11 млн 284 теңге тұратын бір бөлмелі пәтерді сатып алу үшін есеп-шотыңызға 5 млн 642 теңге жинау қажет. Банк 3,5 %-бен қарыз береді және қарыз бойынша төлем айына 65 мың 823 теңгені құрайды, 8 жыл өткеннен кейін ай сайынғы төлем сомасы 41 мың 514 теңгеге дейін азаяды, - дейді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Шымкент филиалы бөлімінің басшысы Нұрлан Сұлтанов.
Қазіргі уақытта банк осы тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерді сатуды бастады. Ол үшін тұрғын үй кешенінен пəтерді таңдап, банк порталынан өзіңізге ұнаған пәтерді таңдап, өтініш бере аласыз.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»