Понедельник, 28 Октябрь 2019 13:15

Шымкентте газдан уланудың алдын алу жұмыстары жүріп жатыр

Шымкент қаласының төтенше жағдайлар жөніндегі мамандары тұрғын үйлерде кезекті профилактикалық рейдін өткізді.

Шымкент қаласында «Жылыту.Тұрғын үй» профилактикалық операциясы аясында ТЖ департаментінің Әл-Фараби ауданы ТЖ бөлімінің қызметкерлері аудандық полиция басқармасының жауапты учаскелік қызметкерлермен бірлесіп табиғи газ өткізілмеген көп қабатты тұрғын үйлерде кезекті профилактикалық рейдін өткізді. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – улы газбен уланудан адамдардың қаза болу фактілерін болдырмау.

Аталған рейд барысында қызметкерлер газ және электр жабдықтарының, жылыту пештерінің жарамдылығының алдын алу мәселелеріне аса назар аударып, балалары бар, оның ішінде көпбалалы отбасылардың тұрғылықты жері ерекше бақылауға алынды. Сонымен қатар, іс-шара көп пәтерлі үйлердің тұрғындарына тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндіріліп, нұсқаулықтар және өрт қауіпсіздігі шаралары туралы жадынамалар таратылды. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар Әл-Фараби ауданының аумағындағы барлық көп қабатты тұрғын үйлерінде өтетін болады.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 369 times