Фестивальға қаладан және алыс-жақын шетелден аспаздар қатысып, палаудың түр-түрін дайындады. Тоғыз жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған шараға қала тұрғындары мен әр өңірдің шебер аспаздары шақыртылған. Палау басудан үздіктер қатысқан байқауда аспаздардың шеберлігі сынға түсті. Байқау шарты бойынша тағамның дәмі мен аспаздың асында ерекшелік болуы тиіс. Дайындау тәсіліне де назар аударылады.
Шын шебер, үздік аспаз бағалы сыйлықтармен марапатталды. Айдар таққан атауының өзі достыққа, ынтымақ пен бірлікке шақырған шара көпшіліктің көңілінен шықты. «Дүние жүзінде 150 ден астам мемлекеттер палауды жейді. 33 ұлттың Ұлттық тағамы. Бірақ-та өзбек ұлтынан артық палауды ешкім жасай алмайды деп ойлаймын. Бұл шара соның бір көрінісі» - деді Шымкент қалалық ҚХА төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»