Жылыту маусымы қала әкімі Ерлан Айтахановтың өкімімен 25-қазанннан басталған. Мамандар берген мәліметке сәйкес, қазір шаһардағы 476 бюджеттік мекеме жылуға 100 пайыз қосылды. Олар негізінен білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік нысандар.Орталықтандырылған жылу жүйесіне 1889 көпқабатты үй қосылған. Қазір соның 1797-сіне ыстық су жіберілді. Дегенмен, маусым бастала салысымен 10 көпқабатты үй мен 200 пәтерде техникалық ақаулар анықталды.
Шымкенттіктердің қыста бүрсең қақпауы үшін жылуға жауаптылар бар мүмкіндікті қарастырып отыр. Қажетті көмір мен сұйық отын қоры да жеткілікті. Әйтсе де, тұрғындардың жылу үшін берешегі қордаланып қалған. Шымкенттіктер 200 млн. теңге қарыз.Сондықтан, мамандар абоненттерге пайдаланылған жылу төлемақысын уақытылы төлеп тұруды ескертеді. Бұл қыс ауасында болатын қиындықтардың алдын алмақ.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»