Понедельник, 28 Октябрь 2019 18:37

Шымкентте заманауи екі тұрғын үй кешені саудаға қойылды

«Отау групп» компаниясы салған «Роял Апартменс» бизнес класс санатындағы нысандар қаладағы Қонаев даңғылының бойынан орналасқан. 12 қабатты зәулім үйлердің жертөлесінде автотұрағы мен балалар алаңшасы бар. Бассейндері тіпті ерекше. Бір сөзбен айтқанда ғимаратта тұрғындар үшін барлық жағдай жасалған.

Алыстан мен мұндалап тұрған қос нысан  заманауи үлгіде салынған. «Отау групп» компаниясы  тұрғызған  «Роял Апартменс» бизнес класс санатындағы  ғимаратта спорттық және балаларға арналған қауіпсіз, ыңғайлы ойын алаңдары орналасқан. Сонымен қатар, консьерж қызметі де қарастырылған және өзінің ішкі алаңында жеке бассейні бар қаладағы ең бірінші кешен.

«Тұрғын үй кешенінің ерекшеліктерінің бірі – жеке бассейн. Бұл, біріншіден, біздің аймақтың ыстық ауа райы үшін өте тиімді деп ойлаймын. Екіншіден, ондай жайлылық бұған дейін ешбір тұрғын үй кешенінде болмаған.Кешеннің сейсмикалық тұрақтылығы 9 баллға дейін жетеді. Кез келген табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларға төтеп бере алады. Ғимараттың ішкі аумағы, көлік кіретін бөлімі, лобби, лифтер және жер асты тұрағы камералармен қамтылған. Тұрғын үй заманауи технологиялық лифттермен жабдықталған.

Қазіргі таңда Роял апартменс тұрғын үй кешенінің 7 қабат құрылысы аяқталған. Тұрғын үй 2020 жылдың 3 тоқсанында пайдалануға беріледі. Және құрылыс нысанына барып ғимаратты көрулеріне мүмкіндік бар.Сатылымға таза әрленген, сондай-ақ,  жөндеуден өтпеген нұсқасы және де бөлме аралық қабырғасыз еркін кеңістіктегі пәтерлер ұсынылады. Үйдің ішін қалауыңызша өзгертіп, дизайнын өзіңіз жасап аласыз.  Қазіргі таңда ғимараттың 7 қабатында құрылыс жұмыстары аяқталған. Тұрғын үй 2020 жылдың 3 тоқсанында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 364 times