«Бастау бизнес» жобасы жас кәсіпкерлерге өз ісін дөңгелетуге таптырмас мүмкіндік деп сендіруге тырысты ұйымдастырушылар. Бағдарламаның шарты бойынша қысқа мерзімді курсты тәмамдағандардың 20 пайызы өз ісін ашуы тиіс. Қала бойынша бастапқы екі кезеңде 1000-нан астам адам оқуды аяқтаған. Ұйымдастырушылар жыл соңына дейін 4500 адамды оқытып, кәсібін ашуға сеп болмақ. Алайда, бағдарламаның іске асуы кеш басталғандықтан, уақытылы орындауда қиындықтар туып тұр дейді палата өкілдері.
Сонымен қатар, бағдарлама аясында «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша 18-29 жастағы 1400 азамат оқытылып, тиісті сертификаттарға қол жеткізген. Білім алғандардың басты мақсаты қайтарымсыз 505 мың теңгелік грант иегері атану.4 — қарашадан «Бастау бизнес» жобасының үшінші кезеңі басталады. Бағдарлама аясында, білікті тренер мен психологтар қатысушыларға өздері ұсынып отырған тауарларын сатуға және тұтынушылармен жұмыс жүргізуге үйретеді.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»