Төрт қабаттан тұратын, бас-аяғы 70 орынға лайықталған орталықта еңбек ететін 40-тан астам маман психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектерге, 1-ші және 2-ші топтағы мүгедектерге жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Мұндағы құрал-жабдықтар мен тиісті қызмет көрсету бөлмелері заман талабына сай жасақталған.
«Жыл сайын елімізде мүгедектер саны артпаса, кеміп отырған жоқ. Сондықтан да ерекше қызметті қажет ететін азаматтарға айырықша жағдай жасалуы тиіс» - дейді ведомство басшысы.
Орталықта келушілерге барлық жағдай жасалған. Бір мезгіл дене шынықтырып, бой жазып аламын десе, нұсқаушы мамандар қызметке әзір. Арнайы кабинеттерде мүгедектер дәрігерлердің нұсқауы бойынша түрлі ем-дом шараларын ала алады.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.