Осындай мәлімет берген «Қуат Жылу Орталығы-3» коммуналдық мекемесі басшыларының айтуынша, Шымкент қаласындағы көпқабатты үйлердің 5 пайызы жылу жүйесінде ақауы бар баспаналарға жатады екен. Себебі олар арнайы қызмет көрсететін мекемелермен келісім жасапаған көрінеді. Осы мәселеге қатысты «Қуат жылу орталығы 3» МКК бөлім басшысы Асқар Бөлешев: «Пәтерлерлдің 5 пайызы ол қараусыз үйлер. Кезінде ешкіммен келісім жасамаған, соған қарамастан біз өзіміздің жәрдемімізді беріп жатырмыз» - дейді.
Бүгінгі таңда көпқабатты үйлерге беріліп жатқан жылудың температурасы шығысында 50, қайтарымы 40 градус болып тұр. Ауа райы салқындаса жүйедегі температура да көтерілетін болады.Айта кетейік, беріліп жатқан жылуға есептегіш құралдары жоқ тұрғындарға төлем 1 қарашадан бастап есептеледі.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»