Четверг, 31 Октябрь 2019 12:34

Шымкентте 3 671 отбасыға атаулы әлеуметтік төлем тоқтатылды

Шымкент қаласында 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап 69 044 отбасының (336 184 адам) өтініштері қаралып, 46 992 отбасыға (234 960 адам) атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. 12 361 отбасыға немесе 26,3%-ына әлеуметтік көмектен бас тартылды. 

Шартты ақшалай көмек тағайындалған 47 284 отбасы немесе 224 901 адамның 80 421 адамы жұмысқа жарамды (302 адам жұмыссыз, 11 242 адам өз-өзін жұмыспен қамтыған, 29 396 адамның жүгіну кезінде жұмысы бар, 35 292 адам бала күтімінде) және 4 189 адамы жұмыспен қамтудың белсенді шараларына (3 321 тұрақты жұмыс орындарына, 106 адам ақылы қоғамдық жұмыс орындарына, 42 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 654 адам қайта даярлау курстарына, 64 адам жастар практикасына, 2 адам жеке бастамаларын қолдап) жолданды.

Әлеуметтік келісімшарттағы міндеттемеге сәйкес, шартты ақшалай көмек алған отбасылардың 3 746-сы жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға, ал 4085-сі дара кәсіпкерлік қызметін ұйымдастыруға жұмсады. 3 746-сы – жеке қосалқы шаруашылық ашқандар: 3026 отбасы 4539 бас ірі қара мал; 326 отбасы 1956 бас уақ мал; 119 отбасы егін шаруашылығымен; 275 отбасы құс шаруашылығымен айналысып, 3300 құс алған. 4085-сі – өз ісін ашқандар: 154 отбасы әсемдік салонын ашқан; 1630 отбасы өндіріс саласы бойынша тігіншілікпен, 2228 отбасы наубайханамен айналысады; 73 отбасы түрлі аппараттар алған.

Өтініштердің үлкен ағымына байланысты сәуір-мамыр айларында атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау барысында бірқатар кемшіліктер жіберілді. Кемшіліктерді жою мақсатында арнайы жұмыс топтары құрылып, мониторинг жұмыстары жүргізілді. Кірісін жасырған 8 222 отбасы қайта есептелді және қайта зерделеу барысында 3 671 отбасыға төлем тоқтатылды. Кірісін жасырған 8 222 отбасы қайта есептелді: 4521 отбасыға қайта есептеулер жүргізілді; 3030 отбасыға төлем тоқтатылды, 671 отбасыға уақытша тоқтатылған, 13 отбасы өз еркімен бюджетке қаржысын қайтарды, 17 отбасы қаржысын қайтару бойынша екі жақтама келісімге келді.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 970 times