Қазіргі таңда 217 көпқабатты тұрғын үйдің ауласы абаттандырылып, қалған 183 көпқабатты тұрғын үйдің ауласы абаттандыруды және балалар ойын алаңшасын орнатуды қажет етіп тұр. Сонымен қатар, қазір мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында аудандағы 100 көпқабатты тұрғын үйдің аулаларын абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату «Строи.ком «Прогресс» ЖШС-мен түзілген келісім-шартқа сәйкес жүргізіліп жатыр және жұмыстар 45 пайызға орындалған.
Сондай-ақ, аталған аудан аумағында жыл басынан бері 34 көшеге жөндеу және 3 көшеге жалпы құны 7,8 млрд. теңгеге қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Жалпы жолдарды жөндеу жұмыстарына бюджеттен 7,8 млрд теңге қаржы қаралған.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»