Суббота, 02 Ноябрь 2019 13:45

Шымкентте «Бірге – таза Қазақстан» тазалық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі тарапынан ұсынған «Бірге – таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясын жалғастыру мақсатында бүгін Шымкент қаласында сенбілік ұйымдастырылды.

Сенбілікке шаһардағы құрылымдық басқармалар мен аумақтық органдардың қызметкерлері қатысып, қала көшелерін, жергілікті аудан әкімдіктері тарапынан коммерциялық нысандар, кәсіпорын ұжымдары, сонымен қатар ауыл билері мен кондоминиум нысандарын тарта отырып, көпшіліктің қатысуымен тұрғын үй аулаларын тазалау жұмыстары атқарылды.

Сонымен қатар, Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК АҚ-ы қалдықтар орналасқан жерлерді қашықтан зондтау жұмыстары бойынша Шымкент қаласының жергілікті аудан аумағынан анықтаған бей берекет қоқыс үйінділерін тазарту жұмыстары атқарылды. Сенбілікке жалпы 12 000 астам адам қатысып, 60-қа жуық қоқыс тасымалдайтын, қоқысты артатын және тағы да басқа техникалары тартылып, қоқыстар тазаланды. Қалалық қоқыс полигонына 280 тоннадан астам қоқыс апарылып, тегін қабылданды.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 539 times