Атап айтар болсақ, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруға"» арналған мемлекеттік гранттар жастардың жеке кәсіпкер атануына мүмкіндік сыйлап отыр. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасында оқу арқылы иеленуге болатын гранттың көлемі – 505 000 теңгені құрайды.
Соңғы жылдары мемлекетіміз кәсіпкерлікпен шұғылдануға ниетті азаматтарға көптеген жеңілдіктер қарастырып, әрдайым қолдап, бағыт-бағдар көрсетіп келеді. Және қаржылай көмек беру механизмдерін де жетілдіріп келе жатыр. Ал, аталған жобаға қатысушы жастарды тіркеу 2019 жылдың 1-4 қараша аралығында Шымкент қаласындағы барлық Халықты жұмыспен қамту орталықтарында жүргізілетін болады. Айта кетейік, бұл жобаға жасы 29 жасқа дейінгі жастар және көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар қатыса алады.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»