Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаменті ғимаратына сала мамандары, белсенді топ, еріктілер де бас біріктірді. Барлығының мақсаты бір. Халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тілсіз жаудың алдын алу. Статистикалық мәліметке сүйенсек, биылғы жылы өрт жағдайлары біршама артқан. Өткен жылмен салыстырғанда 26,2 пайызға өсіп отыр. Жыл басынан бері 166 өрт оқиғасы тіркелген. Салдарынан 5 адам ажал құшып, 5 адам жарақат алған.
Қыркүйек айында басталған шара күні бүгінге дейін жалғасып отыр. Мұнда улы газбен уланғандардың белгілері, оны алдын алудың жолы, алғашқы көмектің жүргізілуі көрсетілген брошюра қағаздары таратылуда. Одан бөлек ауданда ашық алаң құрылып, мамандар тұрғындардың сұрақтарына жауап беруде. Шара барысында төтеншеліктерге әрдайым қолдау көрсетіп, тығыз байланыста жүрген белсенді топтар марапатталды.Еріктілердің еңбегі ескерусіз қалмады. Олар тұрғындардың тыныштығы мен қауіпсіздігіне үн қосу біз үшін мәртебе деп санайды.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»