Шаһардағы көпқабатты үйлерге жылу беру қараша айының 25 жұлдызынан басталды. Алайда күн суыта қала тұрғындарынан жылу температурасы төмен деген шағым көбейді. Жылу таратушы «Қуатжылуорталығы-3» МКК басшыларының мәлімдеуінше оған ауа температурасының күрт төмендеуі себеп болған. Бүгінге дейін беріліп жатқан жылудың температурасы + 55 градус болса, бүгін таңертеңнен бастап ол +65 градусқа көтеріліпті.
Қуатжылуорталығы 3 МКК бас инженері Еділ Бүркітбаев: «Біз ТЭЦ — 3 — ке температураны көтеруге тапсырыс бердік. Бүгін орта есеппен даладағы температура +6. Күн салқындаса және көтереміз» - дейді .Бұдан бөлек, қалада әлі пәтеріне жылу бармаған 15 үй бар екен. Мамандардың айтуынша бұл үйлердің элеваторына дейін жылу келіп тұр. Бірақ олар жаз айында жылу жүйелерін жылу қабылдауға дұрыс дайындамаған. Нәтижесінде жертөледегі жүйелерінде ақау шыққан.Қала әкімінің тапсырмасы бойынша, бүгіннен бастап аудан әкімдіктері жылу жүйелерінде ақауы бар үй тұрғындарымен жұмыс жасап, оларды тоңдырмаудың қамына кірісетін болды.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»