Тоғыз айдың кәсіподақ пен жергілікті билік өкілдерінің араласуымен жалақы қарызы азайды. Шымкент қаласы бойынша жыл басынан бері 10 мекеменің 1293 жұмыскер алдындағы 192,8 млн теңге жалақы қарызы болса, қазіргі таңда олардың саны 4 мекемеге азайған. Нәтижесінде 1221 жұмыскердің еңбек құқығы қорғалған.Бірлестік өкілдері еңбек қауіпсіздігін азайту мақсатында да ауқымды іс-шаралардың басы-қасында жүр. Кәсіпорындар мен мекемелерде еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау бойынша Шымкенттегі бірқатар өндіріс орындарында жұмысшылармен кездесулер өтті. Мұндай нәтижелі жұмыстар қазір еңбек қауіпсіздігіне қатысты туындайтын мәселелердің алдын алуға сеп болуда.
Ұжымдық шарт жасасу бойынша да жұмыстар қызу жүргізілуде. Шымкент қаласы бойынша 1033 кәсіпорында ұжымдық шарт жасалған.Кәсіподақтар орталығы жанындағы татуласу орталығының жұмысы да қарқынды. Орталықта жалпы 422 адамға көмек көрсетілген. Оның ішінде, дауларды шешу бойынша 251 адамға және психологиялық көмек көрсету бойынша 171 адамға көмек көрсетілген. Дауларын шешуге келген 251 азаматтың барлығының ісі бітімгершілікпен сәтті аяқталған.Айта кетейік, «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің жанынан құрылған Оқу орталығында жыл басынан бері 100 оқушы қосымша кәсіби білім алуда. Оқу процесіне тиісті педагогтар жұмылдырылып, оқушылар тәжірибеден өту үшін бірқатар шағын кәсіпорындармен келісім-шарт жасалды.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»