Таза ауызсу мәселесі расында да өзекті. Ауданның 80 пайызы суды тәулік бойына пайдаланып, 11 пайызы тіршілік нәрін кесте арқылы тұтынуда. Шалғай елдімекендердегі тұрғындар тасымал суға қанағат етіп отыр. «Тұран шағынауданының солтүстік-шығыс бөлігін ауызсумен қамтамасыз ету бірінші кезекте тұр. Барлық жобалау-сметалық құжаты дайын. Ендігі жылғы бюджетке енгізіліп тұр» - дейді Абзал Әліқұлов.
Ал электр жарығымен қамтуға келсек, аудан аумағындағы 47202 үйдің 81 пайыздайы – «Оңтүстік Жарық Транзит» мекемесінің балансында. Қалғаны жекеменшік трансформаторларға жалғанған. Биылдың өзінде Асар-2, Достық шағынаудандары мен Тассай, Шапырашты, Өтеміс тұрғын үй алаптарында электр жарығымен қамту жұмыстары қызып тұр.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.