Пятница, 08 Ноябрь 2019 12:37

Түркістан облысы: «Жас кәсіпкер» жобасының ең жас түлегі өз кәсібін ашты

Түркістан облысы, Арыс қаласының тұрғыны Жанна Кемелбекова «Жас кәсіпкер» жобасына қатысып, бүгінде өз кәсібін дөңгелетіп отыр. Жанна Кемелбекова Арыс қаласының тұрғыны. Жасы небәрі 18-де. Бойындағы тігін өнеріне деген бейімділігі мен табандылығымен кәсіперліктің қыр-сырын меңгеру мақсатыныда «Жас кәсіпкер» жобасына қатысып,бизнес-жоспарын сәтті қорғап, грант иегері атанды. Қазір Жаннаның автокөлік жабындыларын тігетін өз ательесі бар.

«Алғашында ауыл тұрғындары тапсырысымен үйде отырыпқыздардың жасауы мен әсем өрнектелген құрақ көрпе-төсектер, перделер тігіп бастадым. Бірте бірте ауылымызда автокөлік чехолдарына сұраныс көп екендігін байқадым. Бұл қызығушылым табыс әкеле бастады. «Жас кәсіпкер» жобасы Арыс қаласында өткізілетіндігін естіп, қатты қуандым. Бұл арманыма бастаған алғашқы қадамым болды»,-дейді Жанна.

Ағымдағы жыл елімізде «Жастар жылы» деп жарияланғаны жас кәсіпкерлердің сенімін еселей түскені анық. Он саусағынан өнері тамған ісмер ару өз мақсатын жүзеге асырып келеді. Жас кәсіпкердің тігін тігу шеберханасында әр көліктің маркасына қарай аты немесе қалаған сөздер жазылған автожабындыларға тапсырыстар қабылдауда. Айта кетейік, «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша Түркістан облысында қатысқан 1608 жастың 1588-і бизнес жобаларын қорғады. Оның ішінде 454 түлек 505 000 теңге көлемінде грант иегері атанып, өз кәсіптерін ашуда.

«Арыс қаласы бойынша 59 жас кәсіпкерлік негіздерін меңгеріп, барлығы дерлік облыстық комиссия алдында өз жобаларын қорғады. Мен атап өткім келетін маңызды сәт, психологтар қатысушылармен жұмыс жасады. Олар жастарға қорқыныш пен өз-өзіне деген күмәнді жеңуге көмектесті. Соңғы бірнеше айда Арыс қаласында болған оқиғаларды ескерсек, мұндай қолдау өте дер кезінде пайда болды»,-дейді жоба тренері Жандос Әзімбай. «Жас кәсіпкер» жобасы осы жас жігіттер мен қыздарға жаңа өмірге жолдама бергендігі қуантады. Енді олардың болашағы өз қолдарында.

 «AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 410 times