Пятница, 08 Ноябрь 2019 16:18

Түркістан облысы: аудан әкімі мүгедектерге тарту жасады

Шардара ауданының әкімі Қайрат Жолдыбай мүмкіндігі шектеулі отбасыға тарту жасады. Шардара қаласында тұратын Амангелді Жұматаев пен оның жұбайы Гүлзада Қанағаталиева бала күнінен мүгедектіктің қамытын киіп, мүмкіндігі шектелген жандар.

Амангелді мен Гүлзада бес перзенттің ата-анасы. Амангелдінің отбасымен тұратын анасы Алмаш Жұматаева да ІІ топ мүгедегі. Отбасына мүгедектігі үшін берілетін жәрдемақыдан басқа кіріс жоқ. Реті келгенде жеңіл-желпі жалдамалы жұмыстарды істеп, перзенттерінің нәпақысын табады.

Жұматаевтар отбасының осындай ауыр жағдайда өмір сүріп жатқанынан, перзенттерінің ешбірінің кәмелеттік жасқа толмағанынан хабардар болған Шардара ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы аталмыш отбасыға өз атынан телевизор-кинотеатр, диван, жазу столы мен орындықтарын сыйға тартты.

Көптен берi телевизор көрiп, жазу столында сабақ оқуды армандап жүрген бүлдіршіндер аудан әкіміне алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді. Енді қатарластары секілді столда отырып сабақтарына дайындала алатын бүлдіршіндер үлгерімдерін жақсартып, үздіктердің қатарынан көрінуге уәде берді.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 430 times