Рустам Ибайдуллаев 2014 жылы полиэтиленді құбырлар өндіретін шағын цех ашты. Қаржы ұйымынан 10 млн. теңге төмен пайызды несие алып, Ташкенттен құрылғылар алдырды. 5 адамды жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпкер бұдан бөлек, полиэтиленді пакеттер де шығарады. Бұл әсіресе дихандарға көктемгі және күзгі суықтан өнімдерді қорғайтын таптырмас дүние. Облыс орталығында құрылыс жұмыстары қарқынды жүруі өндіріс ошағындағы тапсырыс көлемін едәуір арттырған. «Бір күнде 2 000 метр шығаы. Кішкентайынан 5000 метр. Жайлап болып жатыр.Диаметрі 16 дан басп, 110-ға дейін. Шикізатты Алматы, Шымкенттен алып келеміз. 70-80 мың теңге жалақы беремін» - дейді Рустам Ибайдуллаев.
Ал, Кемелбай Баймағанбетов әулетімен диханшылыққа ден қойған. Осыдан 3 жыл бұрын жылыжай ісін қолға алып, қызанақ, қияр өсірумен айналысуда. Көшеттерін де өздері дайындайды. Өнім сорттарын Түркиядан арнайы әкелген. Күзгі көкөністердің бір сабағының өзінен 5-6 кг өнім алады. Терім кезінде 10-15 адамға дейін жұмыс істейді.Шаруақожалық көктемде 150 тонна көкөніс жинап, Ақтөбеге жөнелткен. Тіпті, Ресейге де экспорттайды екен. «Мынау 80 соттық, арғы бетте тағы 40 соттық бар. Барлығы 1 гектар 20 соттық.Алдағы уақытта 5 гектарға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Ағын су жоқ, құдықтан тамшылатып суару әдіс арқылы суарамыз. Көмірмен жылытамыз» - дейді кәсіпкер.
Үкіметке мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында өнімділігі жоғары орта бизнеске қолдау көрсетудің кешенді шараларын әзірлеуді ұсынды. Соның ішінде салықтық, қаржылық, әкімшілік ынталандыру мәселелері көзделуі тиіс. Осы мақсатта Президент «Бизнестің жаңа жол картасы» аясында алдағы үш жыл ішінде қосымша 250 миллиард теңге бөлуді тапсырды. Бұл кәсіпкерлер үшін үлкен мүмкіндік.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»