Суббота, 09 Ноябрь 2019 11:43

«Nur Otan» партиясы Сарыағашта көшпелі қабылдау өткізді

Елбасы, Партия төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың Партияны қайта жаңғырту бағдарламасын іске асыру аясындағы тапсырмасына сәйкес, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлімінің ұйымдастыруымен облыстық филиал төрағасының Бірінші орынбасары Тәжібаев Бейсенбай Дәулетұлының қатысуымен Түркістан облысының департамент және басқарма басшылары Сарыағаш ауданы тұрғындарына арыз-шағымдары бойынша көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді.

Жалпы Қоғамдық қабылдау барысында әлеуметтік желіде берілген хабарлама негізінде қабылдауға жазылған 15 азамат жеке және аудан көлеміндегі шешімін таппай келе жатқан күрделі мәселелер бойынша арыз-шағымдарын жеткізді. Атап айтқанда Дарбаза елді мекеніндегі «DUOS битум GROUP» ЖШС-нің жұмысына қатысты, Достық елді мекеніне мектеп ғимаратын заман талабына сай жаңадан салу қажеттігі жайлы, қазіргі таңда өзге мемлекеттен тарихи отанына қоныс аударған қандастарымыздың азаматтық алуы, құжаттарын белгіленген уақытта ала алмауы, жер учаскелерін елді мекен шегіне енгізу қажеттігі, баласын мүгедектік тобына шығу жайлы, «Айбек су» - СТК иелігін жеке меншіктен алып, мемлекет меншігіне қайтару қажеттігі туралы айтылды.

Сондай-ақ, Төңкеріс елді мекеніне ауылдық дәрігерлік амбулатория қажеттігі, «Ынтымақ» ауылдық округіне заман талабына сай емхана салу, Жаскешу елді мекеніне жаңадан мектеп ғимаратын салу жайлы, жеке меншік мектеп ашу үшін қолдау көрсету, Қанағат елді мекеніне табиғи газ қосу туралы, Ақ үй елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету жайлы мәселелер көтерілді. Сонымен қатар, атаулы әлеуметтік көмек алған, табысының асып кетуіне байланысты қаражатын кері қайтару жайлы өтініштерін айтты.
Қоғамдық қабылдау барысында көтерілген мәселелер бойынша тиісті департамент және басқарма басшылары мен аудан әкімі, сондай-ақ аудандық дербес бөлім және мекеме басшылары түсініктемелер берсе, облыстық филиал Төрағасының Бірінші орынбасары Бейсенбай Дәулетұлы көтерілген мәселелерді толық әрі сапалы шешу бойынша тиісті басшыларға нақты тапсырмалар берді.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 303 times